Астана әкімдігі коммуналдық қызмет пен мердігерлердің қысқа дайындығын тексерді
Бүгін комиссия Астана әкімінің басшылығымен «қарлы маусымның» басталуына орай қаланың дайындығы қалай екендігін тексеріп шықты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Комиссия көшелер мен жолдарды жинайтын екі ірі мердігерлік ұйымның – «Астана тазалық» және «Астана Зеленстрой» АҚ техникаларын көріп шықты. Екі компанияның да паркі 400 мамандандырылған техникадан асады. Компания басшылығы барлық техниканың қысқы маусымның басталуына дайын екендерін жеткізді. Қызметкерлер штаты да жасақталған.
Қар жауған күндері көшеге Есіл ауданы бойынша 526 бірлік техника, Байқоңыр ауданында – 177, Сарыарқа ауданында – 437, Алматы ауданында – 452 техника шығуға дайын.
Қазіргі таңда, қаланың жаңа көшелерін есепке ала отырып, маршрут пен астана жолдарын тазалаудың режимін қайта қарастырылуда.
Әкімдік әлеуметтік объектілердің кіре беріс жолдары мен кварталдардың ішкі жолдарының территориясын, оған қоса үйлер мен аулалардың кіре берісінің жолдарының тазалануына ерекше көңіл бөліп отыр. Себебі, Астана еліміздегі аула алаңдарын ПИК емес, аудандық әкімдік тазалайтын бірден бір қаласы.
Алда тұрған қысқы маусымға «Астана тазалық» қазірден 20 мың текше метр құмды-тұзды қоспаны дайындап қойды (жуық арада тағы да 8 мың текше метрі дайындалады). Дайын болған реагент ауданның маршруты бойынша әзірленген.
Шығатын тас жолдарда және қатты қар жауған кезде пайдаланылатын арнайы роторлар да қысқы маусымға дайын.
Астана басшылығы қатысқан жиында аудан әкімдері, мердігерлік ұйымдар, қаланы санитарлық тазалауға кіріскендер мердігерлік ұйым өкілдерінің есебін және аудан әкімдерінің қысқы маусымға дайындығы туралы тыңдады.
«Бізге толықтай дайын тұру керек, — деді Астана әкімі Бақыт Сұлтанов. – Коммуналдық қызметтер сағат сияқты жұмыс істеп тұруы керек, қалалықтар ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдарда жайсыздық сезінбеуі тиіс».
Бұдан басқа, Б. Сұлтанов қаланы санитарлық тазалауға кірістірілген мердігерлік ұйымдармен келісімшартты жаңа форматқа ауыстыру туралы мәселені қайта қарауды тапсырды (бүгінде олар нарықтың 50 % құрайды). Жиынға қатысқандар бір жылдық келісімшарттан «кетіп» және «жинау жұмыстарының түрлеріне қарай» көпжылдық МЖӘ-келісімшартын анықтап, өздеріне тиесілі қаланың учаскелерінің тазалығына толықтай жауапкершілікті компания алатындай етуге уәделесіп тарасты.
Сонымен қатар, қала аудандарын ірі учаскелерге бөлу туралы ұсыныс айтылды (соның бір учаскесі – МЖӘ-келісімшарты). Мұндай қадам бір ғана компанияның өзіне қарасты ауданға қызмет көрсетуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көпжылдық келісімшарт бизнеске инвестициялық сенім береді, ол техникалық базаны жаңартуға және арнайы транспорт паркін жаңартудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Аталған ұсынысты қаланы санитарлық тазалауға кіріскен компания-мердігерлер толықтай қолдады.